Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.
Авторларға арналған нұсқаулық
«Тіл білімі» журналына қойылатын талаптар
Тақырыптық бағыттар: Тіл білімі және лингвистика; Түркітану.
Редакция бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақалалар қазақ және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Ресімдеу
Қаріп – Times New Roman; негізгі мәтін – 14 пт; аңдатпа, тірек сөздер, әдебиеттер – 12 пт; кесте мәтіні – 9–11 пт.
Тегістеу – мәтін ені бойынша; жоларалық интервал – 1; абзацтық шегініс – 1,25 см.
Өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см.
Мақала құрылымы (11 бөлім)
ҒТАХР (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы) нөмірі – мақала бағыты мен тілі бойынша, https://grnti.ru/.
DOI – сол жақ шетінде, 12 пт, қалың әріппен (редакция қояды).
Мақала атауы – бір жол тастап, ортасына, бас әріптермен, мақала тілінде, 14 пт қалың қаріппен. Атау қысқа әрі мазмұнды, 5–10 сөзден тұрады. Атау қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылады.
Автор(лар) – авторлар саны 2-ден аспайды; корреспонденцияға жауапты автор «*» белгісімен көрсетіледі. Бір жол төмен, ортасында, 14 пт: аты-жөні, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекеті, ORCID ID, e-mail.
Аңдатпа – бір жол тастап, абзацтан (1,25 см), 12 пт, мақала тілінде, көлемі 150–300 сөз. Аңдатпа зерттеудің қысқаша мазмұнын береді және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектеседі.
Тірек сөздер – бір жол төмен, абзацтан (1,25 см), 12 пт, кемінде 8 сөз.
Мақала мәтіні – бір жол тастап, келесі бөлімдер ретімен:
Кіріспе – тақырыптың таңдалу негіздемесі мен өзектілігі, оның теориялық немесе практикалық маңыздылығы.
Материалдар мен әдістер – материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасы және қолданылған әдістердің толық сипаттамасы.
Нәтижелер және талқылау – зерттеу нәтижелерін талдау, алдыңғы жұмыстармен салыстыру және қорытындылар.
Қорытынды – жұмысты қорытындылау, ұсынылған тұжырымның ақиқатын растау, әрі қарайғы зерттеу мүмкіндіктері. Қорытынды дерексіз болмауы тиіс.
Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) – сол жақтан 1,25 см абзацпен, қалың, 14 пт.
Әдебиеттер тізімі – мәтіннен кейін бір жол тастап, ортасына, 12 пт, қалың, бас әріптермен, мақала тілінде:
дереккөздер саны 10–15;
мәтіндегі сілтемелер тік жақшада, нөмірлеу ретімен беріледі: [1] немесе [1, 29-б.];
интернет-ресурстар үшін толық библиографиялық мәлімет, мекенжайы және қолданған күні көрсетіледі;
журналда бұрын жарияланған мақалаларға, сондай-ақ Scopus және Web of Science дерекқорларындағы материалдарға сілтеме жасау ұсынылады;
әдебиеттер ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді.
Транслитерацияланған әдебиеттер тізімі (REFERENCES) – бір жол тастап, «REFERENCES» сөзі ортасына, 12 пт, қалың, бас әріптермен. Қазақ тіліндегі мәтінді латын қарпіне qazlat.kz, орыс тіліндегісін translit.ru сайтында көшіруге болады. Мақала ағылшын тілінде болса, транслитерация қажет емес; қазақ немесе орыс тілінде болса, міндетті.
Бастапқы құрылымдық бөліктерді қайталау – бір жолдан кейін мақала атауы, автор(лар), аңдатпа және түйін сөздер қайталанады: мақала қазақ тілінде болса – ағылшын тілінде, ағылшын тілінде болса – қазақ тілінде.
Иллюстрациялар
Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар жалпы көлемнің 20%-нан (кей жағдайда 30%-нан) аспауы тиіс және мәтін ішінде беріледі.
Кестелер мен графикалық материалдардың мәтіні Times New Roman, 9–11 пт; олар нөмірленеді және атауы болады. Атауы кестенің үстінде, жолдың ортасына жазылады.
Автор туралы мәлімет
Әр автор туралы мәлімет қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылады: толық аты-жөні; атағы; ғылыми дәрежесі; қызметі; жұмыс орны; қала; ел; e-mail; ұялы телефон нөмірі.
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
Материал жібермес бұрын оның келесі талаптарға сай екенін тексеріңіз.
Мақала бұрын жарияланбаған және басқа журналдың қарауында емес.
Мақала қазақ немесе ағылшын тілінде жазылған.
Мақалада ҒТАХР нөмірі көрсетілген.
Мақала атауы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде берілген, 5–10 сөзден тұрады.
Авторлар саны 2-ден аспайды; әр автордың ORCID ID және e-mail мекенжайы көрсетілген, жауапты автор «*» белгісімен белгіленген.
Аңдатпа 150–300 сөзден тұрады, тірек сөздер кемінде 8.
Мәтін «Кіріспе – Материалдар мен әдістер – Нәтижелер және талқылау – Қорытынды» құрылымымен жазылған.
Әдебиеттер саны 10–15, ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделген; мақала қазақ тілінде болса, транслитерацияланған REFERENCES тізімі берілген.
Атауы, авторлары, аңдатпасы және түйін сөздері екінші тілде (қазақ/ағылшын) қайталанған.