Ғалым Р. Сыздықтың қазақ әдеби тілі тарихына қатысты еңбектеріндегі этимология мәселелері
Кілт сөздер:
этимология, түркі тілдері, фразеологизмдер, тарихи лексикология, байырғы түбірлер, салыстырмалы-тарихи тіл білімі, халықтық этимологияАңдатпа
Мақалада қазақ тіл біліміндегі халықтық этимология зерттеулерінің күрделілігі мен көпқырлылығы Рәбиға Сыздық еңбектері негізінде сараланады. Ғалым қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы күңгірттенген немесе тұрақты тіркес құрамында ғана сақталған бірқатар сөздердің байырғы семантикасын салыстырмалы-тарихи тұрғыдан талдайды. Зерттеу барысында түркі тілдеріне тән дыбыстық өзгерістер, балама түбірлер теориясы, фразеологизмдер құрамындағы архаикалық элементтердің сақталу жолдары көрсетіледі. Ғалымның «Сөздер сөйлейді», «Абай шығармаларының тілі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектерінде этимологиялық мәселелер қарастырылады. Мақала этимология саласының қазақ тіліндегі лексиканы тарихи-танымдық тұрғыдан түсіндірудегі маңызын айқындап, отандық ғалымдар мен академик Рәбиға Сыздықтың ғылыми тұжырымдарын өзара салыстыру арқылы сөз төркінін танудың әдістемелік үлгісін ұсынады.
Әдебиеттер тізімі
Сыздық Р . С. Сөздер сөйлейді. Сөздердің қолдану тарихынан: қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы : Ел-шежіре, 2014. – 410 б.
Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері. 6-т. – Алматы: Сардар, 2014. – 239 б.
«Жау» сөзінің мағыналары // https://sozdikqor.kz/ search?q=жау
Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз: сөз төркіні. – Алматы: Жалын, 1990. – 303 б.
Севортян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков : Общетюрк. и межтюрк. основы на гласные. - Москва : Наука, 1974. - 767 с.
Сыздық Р . С. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы. – Алматы : Ел-шежіре, 2014. – 383 б.
Қайыржан К. Сөз – сандық: Қазақтың көне сөздері. – Алматы: Өнер, 2013. – 480 б.
Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017. – 658 б.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 141 б.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 240 б.
Сыздық Р . Ғ. Сөзтаным №51. – Ана тілі газеті, №1-2, 2008.
Салқынбай А.Б. Қазақ тілі: сөздік құрам, сөзжасам. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2016. – 389 б.
Сыздықова Р . Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 272 бет.
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. – 824 б.