Қазақ тіліндегі перифразаның қолданыстық сипаты
Кілт сөздер:
қазақ әдеби тілі, көркем әдебиет стилі, перифраза, перифразалық сөздікАңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі перифразаның тілдік табиғаты мен зерттелу тарихына шолу жасалып, перифраза метафора, метонимия және фразеологизм секілді тілдік бірліктермен функционалдық тұрғыдан салыстырыла қарастырылады. Перифразаның номинативтік, экспрессивтік, бағалауыштық және прагматикалық қызметтері айқындалып, оның көркем мәтіндердегі, публицистикалық стильдегі және ауызекі тілдегі қолданыс ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі перифразаның қолданыстық қызметі, лексикография саласындағы маңызы, сөздік түзу ісіндегі орны және перифразалық бірліктердің әртүрлі сөздіктерде берілу ерекшеліктері сөз етіледі. Перифразаның тілдік жүйедегі орнына қатысты ғалымдардың тұжырымдары сараланып, олардың ғылыми көзқарастары салыстырмалы түрде талданады. Бұл перифразаның дербес лексика-семантикалық бірлік ретінде танылу мәселесін нақтылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі перифразалық қолданыстардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық ерекшеліктері анықталады. Перифразалардың көпкомпоненттілігі, тұрақтылық дәрежесі, контекстік тәуелділігі және бағалауыштық сипаты талданып, олардың тілдік қолданыстағы вариативтілігі көрсетіледі. Зерттеу материалы ретінде Қазақ ұлттық корпусы деректері пайдаланылып, әртүрлі жанрлар мен стильдерден перифразалық қолданыстарға нақты мысалдар іріктеледі. Жиналған тілдік материалдар негізінде қазақ тіліндегі перифразалар сөздігі жобаланады. Ұсынылып отырған сөздік перифразалық тіркестердің мағынасын, қолданылу аясын, стилистикалық реңкін және контекстік ерекшеліктерін айқындауға бағытталады. Бұл сөздік перифразалық бірліктерді оқытуда, мәтін талдауда, аударматану мен лингвомәдениеттану салаларында негізгі әрі тиімді құрал бола алады. Сонымен қатар аталмыш сөздік қазақ тілінің бейнелі мүмкіндіктерін жүйелеуге және ұлттық дүниетанымды тіл арқылы танытуға зор үлес қосады.
Әдебиеттер тізімі
Жеребаева Л.Р . Қазақ тіліндегі тілдік перифраздардың мағынасы мен қызметі: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2008. – 130 б.
Айтбайұлы Ө. Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары. – Алматы: Абзал-Ай, 2013. – 398, [2] б.
Солтанбекова А.А. Қазақ тіліндегі перифраздардың қолданысы жайында // Тілтаным. – 2018. – № 2. – 15-20 б.
Ломоносов М. Труды по филологии. – МоскваЛенинград: Академии наук СССР , 1952. – 993 с.
Потебня А. Из записок по теории словесности. – Харьков: М.В. Потебня, 1905. — IV , 652 с.
Балли Ш. Трактат по французской стилистике. – Париж: Librairie C. Klincksieck, 1909. – 354 с.
Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. – Москва: Московский университет, 1957. – 448 с.
Кожин А. Перифраз как стилистическое средство публицистической речи // Ученные записки. МОПИ им. Н. Крупской. – 1964. – Т. 148. – Вып. 10. – 49-65.
Синельникова Л.Н. Именная перифраза в языке современной советской поэзии: Автореф. канд. дис. филол. наук: 10.02.01. – Москва, 1975. – 22 с.
Сыздықова Р . XVIII-XIX ғғ. қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1984. – 248 б.
Сыздықова Р . Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX ғасырлар). – Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.
Сыздықова Р . Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995. – 208 б.
Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. – Астана: Ғылым, 2015. – 204 б.
Қалиев Б. Лексико-семантическая и морфологическая структура названий растений в казахском языке. – Алматы: Мектеп, 1996. – 168 с.
Үсенбаева Г.Ж. Перифраздың тілдік табиғаты: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 1995. – 140 б.
Амандықова Г.Я. Қазақ көркем әдеби тіліндегі перифраздар: Филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 1999. – 120 б.
Айтбайұлы Ө., Үсенбаева Г. Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 304 б.
Новиков А. Б. Словарь перифраз русского языка. – Москва: Русс. яз., 2004. – 352 б.